Каленова Индира Гепипуллаевна
Меңгеруші жоғары біліктілік санатындағы дәрігер.

Бөлімшенің негізгі мақсаты – қимыл-тірек аппаратының патологиясы бар емделушілерге мамандырылған реанимациялық көмек көрсетуге, өмірлік маңызды ағзалар мен жүйелердің функциясын қолдау және қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу. 

 Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі өмірлік маңызды ағза функцияларына мониторинг және протездеу жүргізу үшін ең заманауи жоғарытехнологиялық құрылғылармен жабдықталған: 

  • Көпатқарымды төсек-орындар; 
  • ӨЖЖ аппараттары; 
  • Мониторлар («Mindray» мониторлары пайдаланылады); 
  • Энергиямен қамтамасыз ету консолі; 
  • Ағындар (палатадағы ауаны желдетуге арналған); 
  • Дезатор – шамдары; 
  • Дефибриллятор; 
  • Небулайзер; 
  • Жылыту аппараты «Ампир»; 
  • ФГДС, ФБС; 
  • Инфузиялық кешендер. 

 РжҚТБ қолданылатын емдеудің негізгі тәсілдері: 

Адекватты гемодинамиканы сақтау, сұйықтық, электролиттер, қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің қалыпты балансын қалпына келтіру және сақтау, өкпенің тиісті желдетілуін қамтамасыз ету, асқынған ми жетіспеушілігінің интенсивті терапиясы, ауырсыну синдромын шеттету үшін (жансыздандырудың мультимодальды жүйесі, өткізгіш, ұзартылған эпидуральды блокада), көрсеткіштер бойынша плазмаферез, гемодиализ сеанстары, бұзылған метаболизмом басқару, антибактериальды терапия, парентеральді және энтералды тамақтандыру және т. б. жүргізіледі. 

Бөлімше медперсоналы және жұмысы 

РжҚТ бөлімшесінің дәрігерлері және орта медициналық персоналы емделушілерге мамандырылған реанимациялық көмек көрсету бойынша үлкен тәжірибеге ие. Жоғарыбілікті мамандар қарқынды терапияның қазіргі заманға сай әдістерін игерген, кәсіби дайындық деңгейлерін жұмыс үрдісі кезінде арттырып отырады, сонымен қатар анестезиология-реанимация және қарқынды терапия бойынша заманауи әдістерін жетілдіру үшін тақырыптық курстардан да өтіп отырады.