Бегенова Мария Тенешовна
Меңгеруші, жоғары біліктілік санатындағы кардиолог-дәрігер.

Кардиология бөлімшесі артериалдық гипертониясы, ЖИА, кернеу стенокардиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүрек ырғағының бұзылыстары және басқа да жүрек аурулары бар емделушілерге білікті консультациялық-диагностикалық және емдік-профилактикалық көмек көрсетеді. 

Біздің ұжым – тәжірибелі дәрігерлер, кардиологиялық ауруларды емдеу кезінде қазіргі заманғы халықаралық әдістер мен стандарттарды пайдаланады. Орта және кіші медициналық персонал жақсы дайындалған, емделушілерге кәсіби көмек көрсетуге әрқашан дайын. 

Біз мынадай ауруларды емдейміз: 

  • Гипертония ауруы; 
  • ЖИА; 
  • кернеу стенокардиясы; 
  • жүрек ырғағының бұзылыстары- жүрекшенің бүлкілдеуін; 
  • экстрасистолия; 
  • кардиопатия; 
  • қос жармалы қақпашаның түсіп кетуі; 
  • түсініксіз генездегі талу; 
  • қан тамырларының атеросклерозы (ұйқы күретамыры, төменгі аяқ-қол күретамыры).

Бөлімшенің фунционалды диагностика бөлімшесімен тығыз қарым-қатынасының арқасында зерттеулердің келесі түрлері жүзеге асырылады: 

  • ЭХОКГ, оның ішінде өңештік ЭХОКГ; 
  • АҚ, ЭКГ тәуліктік мониторинг жүргізу (холтер монитор және АҚТМ); 
  • Денеге түсетін ауырлыққа сынама (велоэргометрия).