Жұмаділов Нұрлан Едігеұлы
Меңгеруші – м.ғ.к., жоғары біліктілік санатындағы дәрігер.

Бөлімшеде мидың, жұлынның, бас сүйегінің, омыртқаның, жарақаттанбаған бас сүйегі ішілік қан құйылу бар (оның ішінде әр түрлі оқшаулау аневризмалық және күретамыр-көктамырлық мальформацияларға байланысты) жоспарлы науқастарға тәуліктік көмек көрсетіледі.

Бөлімшеде емдеу барысында ең заманауи жоғары технологиялық әдістерді қолдану мүмкіндігі бар: 

  • Микронейрохирургия кезінде; 
  • Нейронавигация кезінде; 
  • Бақылауэндоскопия кезінде; 
  • Бас сүйегі ішілік қан құйылу фибринолизі кезінде; 
  • Омыртқаларды бекітуге арналған әр түрлі металлоқұрылымдарды пайдалану кезінде; 
  • ми және бет сүйектерінің анатомиялық қарым-қатынас қалпына келтіру кезінде;

Бөлімше жұмысының негізгі бағыттары: 

  • Бас миының ісіктері (глиомалар, менингиомалар, эпиндимомалар, краниофарингиомалар және т.б.); 
  • Гипофиз аденомасы; 
  • Жұлын ісіктері (экстар -, интрамедуллярлық); 
  • Омыртқаның дегенеративті аурулары, омыртқааралық дискілердің жарықтары, дегенеративтік тарылу; 
  • Асқынбаған омыртқаның сынықтары, олардың салдары, остеопороз және  омыртқа ісіктері кезіндегі теріастылық вертебропластика; 
  • Гидроцефалия; 
  • Перифериялық жүйкенің зақымдануы (кез келген жерде оқшауланған тоннельді синдромдары, перифериялық жүйке ісіктері); 
  • Зақымнан кейінгі невропатия; 
  • Нейрофиброматоз; 
  • Әр жерде оқшауланған ми қантамырларының артериялық аневризмалары; 
  • Күретамыр – көктамырлық мальформациялар, күрематыр – көктамырлық сағалар қосылысы, ангиомалар; 
  • Бас сүйек ішілік гематомалар (эпидуралдық, субдуралдық, миішілік); 
  • Бас сүйектері күмбезінің ақаулары; 
  • Үш тармақты жүйкенің невралгиясы кезіндегі ауырсыну синдромдары, гемифациальный синдром; 
  • Арнольда – Киари даму ауытқымасы; 
  • Сирингомиелия; 
  • Бастың жұмсақ тіндерінің ісіктері.