Шуптан Светлана Асхатовна
Меңгеруші, жоғары біліктілік санатындағы дәрігер.

Стационарлық оңалтуға арналған көрсетілімдер (бөлімше шегінде өз бетінше қозғалуға мүмкіндігі бар кезінде және сын сақталған кезінде, сондай-ақ пациенттің өзінің қалауы бойынша оңалту курсынан өтуі кезінде): 

  • ерте және кеш қалпына келтіру кезеңіндегі ми инфарктары, қимыл-қозғалыс және сөйлеу бұзушылықтарының қалыпты және айқын көрінісі 2 жылға дейін сақталған кезеңінде; 
  • ерте және кеш қалпына келтіру кезеңіндеі ауыр және орташа дәрежедегі бассүйек-ми жарақаты, қимыл-қозғалыс және сөйлеу бұзушылықтарының қалыпты және айқын көрінісі 2 жылға дейін сақталған кезеңінде; 
  • ерте және кеш қалпына келтіру кезеңіндегі нейрохирургиялық операциядан кейінгі күй-жайы, қимыл-қозғалыс және сөйлеу бұзушылықтарының қалыпты және айқын көрінісі 2 жылға дейін сақталған кезеңінде (бас миының қатерсіз пайда болулар, қантамырлық мальформациялар, бас миының аневризмалары); 
  • қимыл-қозғалыс және сөйлеу бұзушылықтарының қалыпты және айқын көрінісі бар бас миының қабыну аурулары; 
  • неврологиялық тапшылығы үшін қалыпты және айқын көріністі қозғалысқа шектеу қойылған перифериялық жүйке жүйесінің аурулары мен жарақаттары.

Емдеудің негізгі әдістері болып табылады: 

  • Кинезотерапия; 
  • Механотерапия; 
  • Қозғалыс терапиясы; 
  • 30 әдістемеге дейінгі физиоемдеу; 
  • Магнитпен емдеу; 
  • Лазермен емдеу; 
  • Эрготерапия; 
  • ГБО; 
  • ЕДШ, массаж, инерефлексті терапиясы.

Мақсаты: серпімділікпен күресу, бұлшық ет тонусын қалпына келтіру, қозғалыс функцияларын жақсарту, мидың қалпына келуіне әлеуетін арттыру.