Меңгеруші, жоғары біліктілік санатындағы дәрігер, Қарағанды облысының штаттан тыс бас оториноларингологы.
Құлмағамбетов Нұрлан Құлмағамбетұлы

Отоларингология бөлімшесі осы бейін бойынша Қарағанды облысындағы жалғыз бөлімше болып табылады. 

Біздің ауруханаға бірінші келгеніңізде білікті отоларингологдәрігер эндоскоп арқылы эндоскопиялық тексеру өткізеді, ЛОР мүшелеріне бұл мұрын, тамақ, құлақ және көмейге аса дәлдікпен тексеріс жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы ұлғайтатын бейнебақылау. Ақпаратты монитордың экранына шығаруға боладысондай-ақ суретке түсіріп, кейіннен емдеу динамикасын қадағалап отыруға болады. 

Диагностика Оңтүстік Корея «Medstar» заманауи диагностикалық жабдығының көмегімен жүргізіледі. 

Бөлімшеде білікті ЛОР дәрігер жұмыс істейді, мынадай аурулар бойынша оперативті емдеуді жүзеге асырады: 

  1.  Микроскоп арқылы құлаққа операциялар (полипотомиялар, дабыл қуысын тексеру); 
  2.  Естуді жақсартатын операциялар (мирингопластика, 1,2,3 типті тимпанопластика); 
  3.  Ортаңғы құлақты микроскопиялық зерттеу; 
  4.  Көмейдегі фибромаларды, папилломаларды эндоскопиялық алып тастау; 
  5. Сыртқы мұрынның деформацияларын жою; 
  6.  Аденотомия; 
  7.  Тонзиллотомия; 
  8.  Тонзилэктомия; 
  9.  Көмейдің фибромасын алу; 
  10.  Трахеотомия; 
  11.  Бадамша жаны іріңдікті ашу; 
  12.  Гаймор қойнауын инемен тесу; 
  13.  Мұрын полипотомиясы; 
  14.  Маңдай қойнауын трепанопункциялау; 
  15.  Гайморотомия, эндоскопиялық гайморотомия; 
  16.  Фронтотомия; 
  17.  Антромастоидотомия; 
  18.  Құлаққа жалпықуыстық радикалді операция жасау; 
  19.  Мұрын сүйектерінің репозициясы; 
  20.  Конхотомия; 
  21.  Мұрын шырышасты қалқаларының резекциясы; 
  22.  Сыртқы мұрынның пластикасы; 
  23.  Мұрыннан қан кетуді хирургиялық жолмен тоқтату (ЛОРАДОН аппаратымен); 
  24.  Эндоскопиялық операциялар (гайморотомия, этмоидотомия, вазотомия, конхопексия, полипотомия мұрын); 
  25.  Мұрын шиқанын жару; 
  26. ЛОР мүшелерді эндоскопиялық зерттеу.

Оториноларингология бөлімшесінің меңгерушісі жоғары біліктілік санатындағы дәрігер, Қарағанды облысының штаттан тыс бас оториноларингологы. 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға және симпозиумдарға қатысып отырады. 

ЛОР органдары жүргізілетін барлық емдеу-диагностикалық манипуляцияларды, жедел араласуларды жетік меңгерген: стационарды алмастыратын және эндоскопиялық операциялар түрлері: гайморотомия, мұрын шырышасты қалқаларының резекциясы, этмоидотомия, көмейдегі, жұтқыншақтағы фибромаларды эндоскопиялық жолмен алып тастау, ортаңғы құлаққа операцияларсыртқы ЛОР органдары пластикалық операциялар (құлаққа, мұрынға).