Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы

Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы аурухананың 50 жылдық табысты жұмыс тәжірибесіне негізделе отырып, бүгінгі күні жоғары деңгейде көмек көрсету үшін бөлімшелердің барлық спектрі қамтылған. Клиника құрылымында емделушілерді  емдеуде толық сабақтастық қамтамасыз етіліп ұйымдастырылған: диагностикалық, неврологиялық, хирургиялық, травматологиялық және терапевтік емдеу кезеңінен оңалтуға дейін, яғни, емделушіге  басқа мекемелерге қосымша көмек көрсетудің  қажеті жоқ. Клиника құрылымында 207 нейро-неврологиялық төсек, 177 ортопедиялық-травматологиялық төсек, 100 хирургиялық бейіндегі төсек-орын және 69 жалпы бейіндегі төсек-орын және анестезиология және реанимация бөлімінде 12 төсек-орын бар. Облыс бойынша емделушілерді қабылдау кеңес беру-диагностикалық бөлімшеде жүргізіледі. Клиника базасында  ҰАҚ 10 клиникалық кафедрасы жұмыс істейді. Клиникада әлемдік медицинада бар ең заманауи технологиялар қолданылады: диагностиканың инновациялық әдістері, аз инвазивті хирургиялық араласулар , оның ішінде  Нейрохирургиялық,травматологиялық,офтальмологиялық, отоларингологиялық патология кезінде де  республикада  клиниканың қызметі байқалады.