Мұқашева Шолпан Мырзағұлқызы
Меңгеруші, м.ғ.к., жоғары біліктілік санатындағы травматолог-ортопед дәрігер.
Мұқашева Шолпан Мырзағұлқызы
Меңгеруші, м.ғ.к., жоғары біліктілік санатындағы травматолог-ортопед дәрігер.
Бөлімшеде сүйек-буын жүйесін сыну мен зақымданудан емдеудің барлық әдістемесі игерілген. Бұл бірінші кезекте жабық әдістері, аз инвазивтік әдістері, сүйек-буын жүйесінің барлық бөлімдерін остеосинтездеу.
ЭОТ болуы операциялардың әдістемесін азинвазивті, қауіпсіз және сенімді жағына қарай жетілдіруге мүмкіндік береді.
Құбырлы сүйек «икемді өзектермен» остеосинтездеу әдісі ерекше мәнге ие болып келеді.
Біздің бөлімше осы әдістемені ҚР бірінші болып енгізді және осы салада үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Ортопедиялық тума және жүре пайда болған дерт түрлерін заманауи технологияларды қолдану арқылы емдеу ғылыми дәлелденген, барлық жаңа стандарттарға сәйкес келеді. Бұл туа біткен жамбастың шығуы, мойын қсықтығы, туа біткен маймақтық, БЦП, жоғарғы және төменгі аяқ және т. б ақаулары.
Балаларға арналған ортопедиялық кабинеті біздің клиенттерге келесі ортопедиялық ауру түрлері бойынша консервативтік ем қабылдауға мүмкіндіктері береді:
Тексерудің келесі түрлері жүзеге асырылады: УДЗ, КТ, рентгенография.
Ортопед ауруды анықтағаннан кейін аурудың үй жағдайында емдеу бойынша немесе емдеу курсын қабылдау үшін клиниканың балалар жарақаты және ортопедиясы бөлімшесіне емдеу үшін ұсыныстар береді.
Балалар жарақаты және ортопедиясы бөлімшесінің меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары біліктілік санатындағы травматолог-ортопед дәрігер.
Қарағанды облысының штаттан тыс бас балалар травматологы болып табылады. Қимыл-тірек аппаратының жарақаттары бар науқастарды емдеудің оперативті және консервативті әдістерінің негіздерін қамтыған. «Тізе тобығының көлденең сынықтарын емдеу тәсілдері», «Тізе тобығының жарықшантанған сынықтарын және оның жоғарғы және төменгі бөліктерін емдеу тәсілдері» жаңа тәсілмен емдеу бойынша ҚР екі патенті бар.