Ортопед-травматолог дәрігері, Қаз КСР еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ұлы Отан Соғысына қатысушысы.
1915 жылы Павлодар облысында шаруалар отбасында дүниеге келген. Орта мектепті аяқтаған соң, Алматы медициналық институтына оқуға түскен.
Ұлы Отан Соғысы басталысымен Х.Ж. Мақажанов мезгілінен бұрын, Y курста оқып жүрген кезінде соғысқа шақырылды. Соғыста өткен 4 төрт жылдың алғашқысын полк дәрігері болып бастап, кейін госпиталдың хирургия бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды.
1945 жылы Кеңес Одағының Коммунистік Партиясының мүшесі болды. Соғыстан аман-есен оралған соң (1947 жыл) Қарағанды қаласында хирургия бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмысқа орналасты, кейін 25 жыл бойы – денсаулық сақтаудың облыстық бөлімінің бас хирургы лауазымын атқарды.
Ол Орталық Қазақстанның хирургия және травматология қызметінің дамуына өзіндік зор үлесін қосты. Қарағанды облысының көптеген аудандық ауруханаларында хирургия бөлімшелерін құруға ат салысты.
1949 ж. Хафиз Жаңабайұлының бастамасымен және тікелей басқаруымен ғылыми хирургтар одағы, кейін травматолог-ортопедтер қоғамы құрылды.
Х.Ж. Мақажанов емдеу ісін ғылыммен ұштастыра білді. 1955 жылы «Ксеносүйекті пайдалану арқылы ұзын сүйектердің сынығына операция жасау» атты кандидаттық диссертациясын қорғады.
1958 жылы ҚММИ-да Х.Ж. Мақажанов тұрақты басшылық еткен травматология, ортопедия және далалық–әскери хирургия кафедрасы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Хафиз Жаңабайұлы тірек-қимыл жүйесі аурулары мен зақымдануларын хирургиялық емдеудің тиімді тәсілдерін әзірлеп, енгізді. Жалған буындарды, ұзын сүйектердің ақауларын, жамбастың туа біткен орнынан таюларын және тағы басқаларды емдеуге байланысты жасалған операциялар арқылы тәжірибелік дәрігерлер кеңінен танылды және қадірлері арта түсті. Х.Ж. Мақажанов ірі буындар аурулары және салдары кезінде ксенобрго-шинаны қолданумен реконструкциялық–қалыпқа келтіріп емдеу операция жасайтындардың бірден-бір пионері болып табылады. Травматология және ортопедияның түрлі өзекті мәселелері бойынша 140-тан астам ғылыми-жұмыстар жазды, оның ішінде 2 монография: «Ірі буындар кезінде аутопластика», «Травматология және ортопедиядағы гетеропластика» атты тақырыптарда жазылды. Ол 6 өнертабыстың, 14 өнертапқыштық ұсыныстардың авторы. Оның жетекшілік етуімен 16 диссертация, оның 4 – докторлық диссертация қорғалды. Х.Ж. Мақажанов Бүкіл одақтық және республикалық травматолог-ортопедтер қоғамының, Қазақстан хирургтар қоғамының құрметті мүшесі, Қарағанды облыстық ғылыми травматолог-ортопедтер қоғамының төрағасы, мүшесі, хирургия және Бүкілодақтық өнертапқыштар одағы (БӨО) жөніндегі институттың мәселелік комиссиясының төрағасы.
I-II деңгейлі Отан соғысының, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «Денсаулық сақтау үздігі», «Жоғары мектеп үздігі» медалдарымен, белгілерімен, Қазақ ССР Жоғары Кеңес Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Медицина: ғылым және тәжірибе
ТАРИХ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ЗАМАН
Қарағандының шетінде, Пришахтинскте Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология орталығы деп аталатын аурухана орналасқан. 1931 жылы салынған, Жаңа Тихоновка кентінің ауруханасы шағын, барак үлгісіндегі қалашыққа айналды. Бірте-бірте аурухана үлкейіп, сол уақыттағы ғажайып екі қабатты корпус пайда болды. Хафиз Жаңабайұлы Мақажанов басшылық еткен мединституттың травматология және ортопедия кафедрасы 1961 сол жерге көшірілген соң, аурухана негізінен травматология және ортопедиялық көмек көрсетуге мамандандырылды. Бастапқыда бұл 70 төсек-орынға арналған бөлімше болды, кейіннен әрбірі 40 төсек-орыннан тұратын балалар жарақаты және балалар ортопедиясы бөлімшелері ашылды. Келесі болып облыстық күйік орталығының рөлін атқаратын 40 төсек-орынға арналған күйік бөлімшесі ашылды. Денсаулық сақтауды шебер әрі жігерлі ұйымдастырушысы профессор Х.Ж. Мақажанов облыстың бүкіл травматологиялық және хирургиялық қызметті басқарды және облыстық денсаулық сақтау бөлімінің облыстық хирургы лауазымын атқарды, травматологиялық қоғамның төрағасы болды. Науқастарға заманауи деңгейде медициналық көмек көрсетілді, Мәскеу травматология және ортопедия орталық институты бағыт беріп отырды.
Сүйектерге, буындарға, бұлшықеттерге, байламдарға күрделі операциялардың барлық түрлері осы клиникада заманауи Техника мен аппаратураларды қолдану арқылы жасалып отырды. Сонымен қатар, профессор Мақажанов емдеудің белгілі әдістерін тәжірибеге енгізумен қатар, өз қызметкерлері О. Мадыкеновпен, Е. Кужукеевпен, М. Сулейменовпен, Д. Бегимовпен, К. Елеуовпен, К. Садырбаевпен және тағы басқалармен гетеропластиканы кеңінен пайдалана отырып, емдеудің жаңа әдістерін әзірледі. Ет комбинатынан алынған, ірі қара малдың операциялық мейірбикелердің өздері консервіленген гетерогендік ішпердесі жасанды байламдар жасау, күйік, үсік шалу, іріңді жаралар емдеу үшін тамаша пластикалық материал болып табылады. Гудушаури және Илизаров аппараттары пайда бола бастағанда-ақ науқастардың жартысы осы аппараттарды аяқтарына, қолдарына киіп жүрді. Бұл ошақтан тыс компрессиялық-дистракциялық остеосинтез деп аталған. Осы әдістеме бойынша кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғала бастады. Аурухананың атағы Қарағанды облысында ғана емес, бүкіл республика аумағына кең тарай бастады.
Келген науқастардың барлығына да көптеген талдаулар және рентгенограммалары бар жолдамалардың болмауына қарамастан, қазіргі таңда да қызмет көрсетіледі. Олар үшін консультациялық пункт ұйымдастырылған. Мұнда тәжірибелі мамандар – кафедра доценті, бөлімшелер меңгерушілері алдын-ала диагноз қоя отырып, науқастарды қарайды, тиісті бөлімшелерге стационарлық емдеуге жібереді. Ал жарақаттанған, күйік шалған шұғыл науқастар «жедел жәрдеммен» жеткізіледі. Мұндағы негізгі емделетін аурулардың түрлері – түрлі сынықтар және олардың асқынулары, жалған буындар, деформациялар, туа біткен қаңқаның кемтарлығы, сүйектің шығуы, қисық мойын, маймақтық, қисық қолдылық, аяқтың, омыртқаның статикалық деформациясы, сүйек ісігі, контрактурасы, анкилозалар, артриттер. Заманауи өмірдің қиыншылықтарына, аумақтың алыстығына қарамастан, науқастар жан-жақтан келіп түсуде. Осы жылы, қабылдау бөлімшесінің журналына сәйкес, клиникаға өзге қалалардан, атап айтқанда, Алматы, Астана, Көкшетау, Щучинск, Жезқазған, Балқаш, Шымкент, Баян-ауыл, Қаражал, Ақтоғай, Наманған аудандарынан емделуге келген. Қабылдау бөлімшесінде тәулік бойы шұғыл көмек көрсетіледі, сонымен қатар,операциялық –жарақат пункті бар. Жоспарлы науқастар тиісті бөлімшелерде емдеуге жатқызылады. Бұл мыңдаған науқастар деген сөз. 1995 жылдың өзінде 10514 науқас көмекке жүгінген, оның 5442 емдеуге жатқызылды, сәйкесінше: 1996 жылы – 12120 және 6367; 1997 жылы – 9509 және 5479 науқас емдеуге жатқызылды. Жаңа қаланың шетінде облыстық жарақат пункті тәулік бойы жұмыс істейді. (меңгерушісі Г.А. Пак).
ҰСТАЗ, ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕ...
Профессор X. Мақажанов өзінен кейін ізін жалғастырушы көптеген шәкірттер тәрбиеледі, ал клиника оның есімімен аталады. 1996 жылы клиниканың базасында өткен республикалық травматолог-ортопедтердің пленумында профессор Х.Ж. Мақажановтың есімі мәңгі еске қалды және Хафиз Жаңабайұлын травматологияның әкесі ретінде мойындап, оның туған күні – 15 қараша республика бойынша Травматолог күні болып бекітілді. Сондан бері барлық травматологтар бұл күні атқарылған жұмыстары туралы есеп береді. Ал жұмыс болса жеткілікті, әрі көптеген қиындықтар да пайда болды. Атап айтқанда, қызметкерлердің жалақылары бойынша қарыздар, дәрі-дәрмектің, медтехниканың, қажетті қызметтердің жетіспеушілігі, науқастарды стационарда ұзақ мерзімде қалдырмау секілді қиындықтар орын алып жатты, бұл әрине әсіресе жоспарлы науқастарға қажетті көмектің толық көрсетілуіне кедергісін тигізді.
Ақылы емдеуді енгізу науқастардың кейбір санатына тиісті әсер етпейді. Өйткені науқастар да ақшаға мұқтаж. Олар көбінесе Хафиз Жаңабай ұлы кезінде «жарымжан» деп атаған мүгедектер болған және олардың емделуі үшін ешнәрседен аянбаған. Дегенмен ол уақытта мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетіліп отырды. Бүгінде, осындай көмек пен көңіл бөлу біршама азайған, денсаулық сақтау басшылары ауруханаларды біріктіру, штат қысқартудан басқа еш жәрдем бере алмайды… Бірақ клиниканың қызметкерлері «макажановтықтар» екендіктерін есте ұстап, өз дәстүрлерін адал сақтайды, қиыншылықтарды жеңуге байланысты жоспарлар құрады. Аурухананың бас дәрігері А. Апраимов, бұрынғы кафедра ассистенті, білікті әрі білімдар маман болып табылады, өзіне қойылған травматология және ортопедияның мақсат пен міндеттерін тамаша біледі, РТОИ (республикалық травматология және ортопедия институты) қызметтерін іске асырады.Оның қызметкерлері – осы ауруханада 30-40 жылдық жұмыс өтілі бар еңбек ардагерлері, әрбіріне жеке мақаламен тоқталуға боатын дәрігерлер, мейірбикелер. Егер осы жылы кафедраның 40-жылдығы аталып өтілсе, онда 2001 жылы – аурухананың 70-жылдық мерейтойы, 2005 жылы – профессор Х.Ж. Мақажановтың 90-жылдығы аталып өтпек. Мақажановтықтар барлық қиыншылықтарға қарамастан, осы мерейторларды атап өтпек ниетінде. Олар қазір науқастарға арналған еңбек терапиясын енгізуді ойластыру үстінде. Бұлардың көпшілігі стационарда айлап, жылдап жататын, мүгедек ер адамдар болып келеді. Оларды күшті талап ететін кәсіпке баулу аталғандардың стационардан кейінгі жұмысқа орналасуында да, олардың ауруханадағы қажеттіліктерін де толықтыруға пайдалы әрі қажет дүние.
Еңбек терапиясы ТИО (ЦИТО)-да 20 жылдардан бастап кеңінен қолданылады, тіпті ғылыми жұмыстар, диссертациялар да кездеседі. Кезінде бірінші клиникалық ауруханада аяқтары сал ауруына ұшырғандар іс тігу, етік жөндеу, сағат жөндеу, столярлық және басқа да арнайы құрылған шеберханаларда оқыды. Шағын үлгідегі кәсіпорындарда түрлі өнімдермен немесе жөндеу жұмыстарымен айналысу арқылы қазір де ақша табуға болады. Қала әкімшілігі қажетті демеушіні анықтауға да өз септігін тигізсе, «Қазақстан-2030» жалпы мемлекеттік бағдарламасына клиниканың қосар үлесі болар еді. ҚР Президенті халықпен әр жүздескен сайын кез-келген деңгейде әрбір бастаманың қажет екендігін атап көрсетеді. Хафиз Мақажановтың клиникасы үнемі мақсаттың бір екендігімен, ұжымның, кафедра және аурухана қызметкерлерінің ауызбіршілігімен ерекшелінген. Медицина Академиясының травматология, ортопедия, далалық әскери хирургияның кафедрасының меңгерушісі, профессор К. Садырбаев және бас дәрігер А. Апраимов, дағдарыстан шығар жолды біледі деп ойлаймын, біз үшін алда тұрған ерекше күнді лайықты қарсы алатынына және ең бастысы – қала мен облыстың игілігі үшін, елдің денсаулығының игілігі үшін жақсы жұмыс істейтініне сенемін.
Индустриальдық Қарағанды.-1998.-6 қазан.- 7 б.
Травматолог-дәрігер К.Аубакирова.