«ПРОФЕССОР Х.Ж. МАҚАЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КМК 

(ПРОФЕССОР Х.Ж. МАҚАЖАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА) 

Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы аурухананың 50 жылдық табысты жұмыс тәжірибесін негізге ала отырып, бүгінгі таңда жоғары деңгейде көмек көрсету үшін бөлімшелердің барлық спектрімен қамтылған. 

Клиника құрылымында пациентті емдеу жолында толық сабақтастық қамтамасыз етіле отырып, ұйымдастырылған: диагностикалық, неврологиялық хирургиялық травматологиялық және терапевтік емдеу кезеңінен бастап оңалтуға дейін. Яғни, пациентке басқа мекемелерге қосымша көмек үшін жүгінудің қажеттілігі жоқ. 

Клиниканың құрылымы нейро-неврологиялық 207 төсек-орыннан, ортопедия-травматологиялық 177 төсек-орыннан, хирургиялық бейіндегі 100 төсек-орыннан және жалпы бейіндегі 69 төсек-орыннан, анестезиология және реанимация бөлімшелеріндегі 12 төсек-орыннан тұрады. 

Облыстың барлық пациенттерін қабылдау консультативтік-диагностикалық бөлімшесінде жүзеге асырылады. 

Клиника базасында ҚМУ Ке АҚ 10-ға жуық клиникалық кафедрасы жұмыс атқарады. 

Клиникада әлемдік медицинада бар заманауи технологиялар қолданылады: диагностикалаудың инновациялық әдістері, хирургиялық араласулардың аз инвазивті спектрі жүзеге асырылады, оның ішінде нейрохирургиялық, травматологиялық, офтальмологиялық, отоларингологиялық патология, яғни клиника қызметі республика бойынша елеулі орын алуының айқын көрінісі болып табылады.