Сатубаева Бахыт Советқызы
Меңгеруші, м.ғ.к., жоғары біліктілік санатындағы дәрігер.

Қалпына келтіру бөлімшесі – ең қауіпсіз физиотерапевтік процедуралардың кең аясын ұсынады. Омыртқа, буын ауруларын, өкше сүйек сүйелі, бас сақинасы және әлсіздік, инсульттан, жарақаттан кейінгі оңалту, гинекология және урология проблемалары, жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары, тыныс алу органдарының аурулары және лор-патологиясы. 

Бөлімшенің жұмысы келесі режимде жүзеге асырылады: 

  • Стационар; 
  • Күндізгі стационар; 
  • Амбулаториялық үлгіде.

Бөлімшенің ем көрсету аясы: 

  • Ингаляциялық терапия; 
  • Электрмен емдеу; 
  • Электрлік ширату; 
  • Лазермен емдеу; 
  • Ультрадыбыстық емдеу; 
  • Магнитпен емдеу; 
  • Жоғары жиілілікпен емдеу; 
  • Омыртқаны құрғақтай тарту; 
  • Тез ауыспалы қуатты тоқпен емдеу; 
  • Рефлексті терапия; 
  • Су-джок терапиясы; 
  • Емдік массаж; 
  • Емдік дене шынықтыру.

Бөлімше философиясы– емделушілермен жеке тіл табысу, жоғары кәсібилік, атқарылған жұмыстардың түпкі нәтижесі үшін жауапкершілік. 

Қалпына келтіру бөлімшесінде екі ЕДШ залы бар, ЕДШ нұсқаушы әр түрлі аурулары бар емделушілерді қалпына келтірумен және оңалтумен медициналық оңалтудың барлық кезеңдерінде айналысады. 

Заманауи әдістердің ауқымды спектрі, әрбір пациенттің оңалып кетуіне жеке көзқарас, басқа бөлімшелермен өзара әрекеттесуінің арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Бөлімшеде омыртқа, жүректің ишемиялық ауруы, тыныс алу органдарының ауруы, өткен инсульт салдары, БСМЗ ауыратын тұлғалар үшін топтық сабақтар жүргізіліп отырады. 

Сонымен қатар әр түрлі аурулар кезінде (ЕДШ нұсқаушысының сабағы, кинезиотерапевтпен) жеке оңалту бағдарламалары әзірленеді және қолданылады. 

Циклдік жаттығу құрылғыларындағы сабақтар (жүгіру жолы, велотренажер). 

Жаттығу құрылғылары жаттығу мөлшерлерін жүргізуге мүмкіндік беретін және гемодинамикасын бақылай алатын кардиосезбектермен жабдықталған. Осы жаттығу құрылғыларында жүргізілетін сабақтар оңалту бағдарламасының маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Пациент жүрек қан-тамырларын жаттықтырады, физикалық жүктемені оңай көтере бастайды, өзінің төзімділігін, жылдамдық сапасын жаттықтырады. 

Ерте оңалту іс-шараларының мақсаты- патологиялық жүйелерін тұрақты қалыптасуының алдын алу, функционалдық жай-күйін жақсарту, жоғалған функцияларды қалпына келтіру, қозғалыс белсенділігін арттыру.