Стационарлық оңалтуға арналған көрсетілімдер (бөлімше шегінде өз бетінше қозғалуға мүмкіндігі бар кезінде және сын сақталған кезінде, сондай-ақ пациенттің өзінің қалауы бойынша оңалту курсынан өтуі кезінде):
- ерте және кеш қалпына келтіру кезеңіндегі ми инфарктары, қимыл-қозғалыс және сөйлеу бұзушылықтарының қалыпты және айқын көрінісі 2 жылға дейін сақталған кезеңінде;
- ерте және кеш қалпына келтіру кезеңіндеі ауыр және орташа дәрежедегі бассүйек-ми жарақаты, қимыл-қозғалыс және сөйлеу бұзушылықтарының қалыпты және айқын көрінісі 2 жылға дейін сақталған кезеңінде;
- ерте және кеш қалпына келтіру кезеңіндегі нейрохирургиялық операциядан кейінгі күй-жайы, қимыл-қозғалыс және сөйлеу бұзушылықтарының қалыпты және айқын көрінісі 2 жылға дейін сақталған кезеңінде (бас миының қатерсіз пайда болулар, қантамырлық мальформациялар, бас миының аневризмалары);
- қимыл-қозғалыс және сөйлеу бұзушылықтарының қалыпты және айқын көрінісі бар бас миының қабыну аурулары;
- неврологиялық тапшылығы үшін қалыпты және айқын көріністі қозғалысқа шектеу қойылған перифериялық жүйке жүйесінің аурулары мен жарақаттары.
Емдеудің негізгі әдістері болып табылады:
- Кинезотерапия;
- Механотерапия;
- Қозғалыс терапиясы;
- 30 әдістемеге дейінгі физиоемдеу;
- Магнитпен емдеу;
- Лазермен емдеу;
- Эрготерапия;
- ГБО;
- ЕДШ, массаж, инерефлексті терапиясы.
Мақсаты: серпімділікпен күресу, бұлшық ет тонусын қалпына келтіру, қозғалыс функцияларын жақсарту, мидың қалпына келуіне әлеуетін арттыру.