Бөлімшеде мидың, жұлынның, бас сүйегінің, омыртқаның, жарақаттанбаған бас сүйегі ішілік қан құйылу бар (оның ішінде әр түрлі оқшаулау аневризмалық және күретамыр-көктамырлық мальформацияларға байланысты) жоспарлы науқастарға тәуліктік көмек көрсетіледі.
Бөлімшеде емдеу барысында ең заманауи жоғары технологиялық әдістерді қолдану мүмкіндігі бар:
- Микронейрохирургия кезінде;
- Нейронавигация кезінде;
- Бақылауэндоскопия кезінде;
- Бас сүйегі ішілік қан құйылу фибринолизі кезінде;
- Омыртқаларды бекітуге арналған әр түрлі металлоқұрылымдарды пайдалану кезінде;
- ми және бет сүйектерінің анатомиялық қарым-қатынас қалпына келтіру кезінде;
Бөлімше жұмысының негізгі бағыттары:
- Бас миының ісіктері (глиомалар, менингиомалар, эпиндимомалар, краниофарингиомалар және т.б.);
- Гипофиз аденомасы;
- Жұлын ісіктері (экстар -, интрамедуллярлық);
- Омыртқаның дегенеративті аурулары, омыртқааралық дискілердің жарықтары, дегенеративтік тарылу;
- Асқынбаған омыртқаның сынықтары, олардың салдары, остеопороз және омыртқа ісіктері кезіндегі теріастылық вертебропластика;
- Гидроцефалия;
- Перифериялық жүйкенің зақымдануы (кез келген жерде оқшауланған тоннельді синдромдары, перифериялық жүйке ісіктері);
- Зақымнан кейінгі невропатия;
- Нейрофиброматоз;
- Әр жерде оқшауланған ми қантамырларының артериялық аневризмалары;
- Күретамыр – көктамырлық мальформациялар, күрематыр – көктамырлық сағалар қосылысы, ангиомалар;
- Бас сүйек ішілік гематомалар (эпидуралдық, субдуралдық, миішілік);
- Бас сүйектері күмбезінің ақаулары;
- Үш тармақты жүйкенің невралгиясы кезіндегі ауырсыну синдромдары, гемифациальный синдром;
- Арнольда – Киари даму ауытқымасы;
- Сирингомиелия;
- Бастың жұмсақ тіндерінің ісіктері.