Бөлімше шұғыл нейрохирургиялық патологиясы бар науқастарды тәулік бойы қабылдайды.
Қарағанды облысы емдеу мекемелерінде нейрохирургтердің көшпелі бригадасымен ОЖЖ жарақатын алған науқастарға тәулік бойы көмек көрсетіледі.
Хирургиялық көмектің көрсетілетін спектрі:
- Бас-миының жарақаты;
- Геморрагиялық және ишемиялық инсульт;
- Омыртқа-жұлынның асқынған және шұғыл жарақаттары;
- жұлынды жіті қысымды клиникасы және кауда синдромы бар омыртқаның дегенеративті аурулары;
- перифериялық жүйкенің жарақаттары;
- бас миының және бас сүйегінің қабыну аурулары: эмпиемалар, остеомиелиттер, қарыншалардың қабынуы және т.б.;
- жұлынның және омыртқаның қабыну аурулары: эпидуриттер, дисциттер және спондилиттер;
- бөгелген ми шемені.
БСМЖ, геморрагиялық және ишемиялық инсульт кезіндегі хирургиялық емнің әдістемелері:
- БСМЖ кезінде бас сүйегін резекциялау және сүйек-пластикалық трепанациялау;
- БІҚ датчиктерін орнату, бас миының қарыншалық жүйесін дренаждау;
- Инсульттық гематомалар кезіндегі миникраниоэктомия;
- Декомпрессивтік гемикраниоэктомия;
- Созылмалы гематомаларды сырттай дренаждау;
Омыртқаның сырқаттары және зақымданулары кезінде бөлімшеде қолданылатын хирургиялық емнің әдістемелері:
- Транспедикуллярлық остеосинтез (соның ішінде азинвазивті);
- Омыртқаның кеуде бөлімін ілмекті жүйені қолдана отырып, тұрақтандыру;
- Мойын деңгейінде пластиналарды қолдана отырып, омыртқаның кез келген бөлімінде вентральды араласу, кеуде және бел деңгейінде вентральды жүйелерді пайдалану;
- Peek-материалдан және көмірлі карбоннан жасалған импланттарды, торлы титан кейдждерді қолдану;
- Жоғарғы мойын омыртқаларын артқы бекіту әдістемесі;
- Сүйек цементімен пункциялық вертебропластика;
- Күрделі буындарды радиожиілікті аблация.