Лаңкестік қаупі төнген жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерінің жадынамасы
- Жарылғыш затқа ұқсайтын күдікті бөтен затты тапқан жағдайда:
- табылған заттың уақытын, оның мекенжайын, объектінің атауын көрсете отырып, болған оқиға туралы «112» – төтенше жағдайлар бөлімшесінің кезекші бөліміне, «102» – ІІБ-ның (полиция) кезекші бөліміне телефон арқылы басшының нұсқауы бойынша немесе дербес түрде хабарлау;
- Кудікті заттың табылған орнына қол жеткізу арақашықтығын 100 м кем емес етіп орнатып, алдына қоршау қоя отырып, мүмкіндігінше табылған заттың орнын қорғауға, құқық қорғау органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің келгеніне дейін өткізу режимін күшейту қажет;
- Құқық қорғау органдарының, авариялық-құтқару қызметінің келуінен кейін персоналды және келушілерді нұсқаулары бойынша хабардар ету және тасымалдау әрекеттерін қолға алу;
Күдікті затқа жанасуға, өз бетінше ашуға, жылжытуға және жабуға, оған су құюға, механикалық әсер көрсетуге, сондай-ақ заттың жанында радио және телефон байланыстарын пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады.
Есте сақтаңыздар! Заттың сырт келбеті оның шын мәнінде пайдалану мақсатын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттарды камуфляждау үшін сөмкелер, пакеттер, түйіншіктер, қораптар, ойыншықтар пайдаланылады және т.б.
2. Егер күдікті заттың табылғаны туралы ақпарат Сіздің жұмыс орнында отырған жерден табылған болса:
- Материалдық құндылықтар мен құжаттар орналасқан үй-жайларды жауып, қажеттілігі туындаған жағдайда тасымалдаңыз;
- Құқықтық қорғау органдарынан, авариялық-құтқару қызметінен келген өкілдерді болған оқиға туралы хабардар ете отырып, күдікті зат табылған орынға қол жетудің оңтайлы жолын қамтамасыз етіп, әрі қарай нұсқаулықтары бойынша әрекет етіңіз;
- Объектінің әрі қарай жұмысын жалғастыру мүмкіндігі туралы ақпарат келіп түскен жағдайда, өзіңіздің қызметтік міндеттеріңізді атқаруды жалғастырыңыз;
- Объектіні миналау қаупі туралы хабарды телефон желісі арқылы алған кезде:
- Сіздің телефон құрылғыңызда нөмірді автоматты түрде анықтау мүмкіндігі бар болса – анықталған телефон нөмірді дәптерге жазып алыңыз;
- Автоматты түрде жауап қайтару функциясы бар болса толық әңгімелесу ағымын жазып алуға тырысыңыз;
- Егер көрсетілген функциялар болмаған жағдайда, мүмкіндігінше әңгімелесудің мазмұнын қағазға жаза отырып, сөзбе-сөз сақтап алуға тырысыңыз.
- Сөйлесу кезінде хабарласқан тұлғаның жынысын, жасын, сөйлеу ерекшеліктерін (даусы, сөз қарқыны, айтылымы, сөйлеу әдеті және т.б.) түртіп алуға тырысыңыз;
- Дыбыстық фонды белгілеңіз (шуыл, дыбыстар, дауыстар);
- Хабарласу сипатын белгілеңіз (қалалық немесе қалааралық);
- Сөйлесудің басталуын және жалғасу ұзақтығының нақты уақытын жазып алыңыз;
- табылған заттың уақытын, оның мекенжайын, объектінің атауын көрсете отырып, болған оқиға туралы «112» – төтенше жағдайлар бөлімшесінің кезекші бөліміне, «102» – ІІБ-ның (полиция) кезекші бөліміне телефон арқылы басшының нұсқауы бойынша немесе дербес түрде хабарлаңыз;
- Құқық қорғау органдарының, авариялық-құтқару қызметінің келуіне дейін персоналды және келушілерді кейіннен тасымалдау мақсатымен хабардар ету әрекеттерін қолға алыңыз;
- Материалдық құндылықтар мен құжаттар орналасқан үй-жайларды жауып, қажеттілігі туындаған жағдайда ғана тасымалдау әрекетіне кірісіңіз;
- Құқық қорғау органдарының, авариялық-құтқару қызметінің келуіне орай болған оқиға туралы құлақтандыра отырып, күдікті зат табылған аумаққа және объектінің үй-жайларына қол жеткізудің оңтайлы жолын қамтамасыз етіп, әрі қарай нұсқаулықтары бойынша әрекет етіңіз;
- Жұмыс үрдісін әрі қарай жалғастыру мүмкіндігі туралы ақпарат келіп түскен жағдайда, өзіңіздің қызметтік міндеттеріңізді атқаруды жалғастырыңыз.
Бүгінгі таңда жиі қолданылатын телефон арқылы жарылғыш заттардың қойылғаны туралы, адамдарды тұтқынға алу туралы, құнерездік және бопсалау туралы ақпараттардан тұратын мәлімдемелерді хабарлаудың көзі екенін ескере отырып, бірде-бір осы секілді белгілерді бейжайсыз қалдырмаңыз!
Мүмкіндігінше ресми анықтамаларда көрсетілген мекеме телефондарын, нөмірлерді автоматты түрде анықтау және жазып алу аппаратурасымен жабдықтау қажет.
3. Жазбаша түрдегі қауіптің келіп түскен жағдайында:
Жазбаша түрдегі қауіп мекемеге пошта арқылы, сонымен қатар жасырын материалдардың табылуы нәтижесінде анықталуы мүмкін (хаттар, жазбалар, дискетадағы ақпарат және т.б.).
Қауіп төндіру сипатындағы материалды қабылдаған соң, құжаттың мазмұнымен танысқан адамдардың санын шегеру қажет, сонымен қатар құқық органдарына материал сақталған және уақытылы тапсырылған күйінде жеткізілуі тиіс.
Осы мақсатта:
- алынған материалмен барынша абай болу қажет, мүмкіндігінше оны таза, тығыз жабылатын полиэтилен пакетке салып, қалың папкаға орналастыру қажет;
- Құжаттың бетіне өзінің саусақ іздерін қалдырмауға тырысу қажет;
- егер құжат конверт түрінде келіп түссе, конверт жиегін ақырын ғана қайшымен қия отырып, сол немесе оң жағынан ғана ашылуы тиіс;
- келіп түскен материалдардың барлығын сақтауға тырысыңыз: мәтінмен жазылған құжаттың өзі, кез-келген салымдарды, конверт және қаптамасы, ештеңені лақтырмаңыз;
- келіп түскен материалдарды тігуге, жабыстыруға, бетіне тіркеу штамптарын қоюға, жазба түсіруге, сызуға немесе жекелеген орындарды мәтін арасында айналдыра қоршауға, резолюция және сілтемелер жазуға, сонымен қатар майыстыруға, бүктеуге болмайды;
- Объектіге лаңкестік әрекеттер жасалған кезде:
- Жарылыс құрылғысын атқызу кезінде:
- дереу арада болған оқиға туралы құқық қорғау органдарына хабарлап, жедел-жәрдем шақырыңыз;
- қауіпті аймақтан адамдарды құтқару және тасымалдау шараларын қолға алуға, зардап шеккендерге көмек көрсетіп, оларды емдеу мекемелеріне бағыттауға көмектесеңіз;
- массалық дүрбелең кезінде тобырдан сақтанып, жалғыз жылжуға тырысыңыз, еш уақытта топқа қарсы қозғалмаңыз;
- егер сіз тобыр арасында болған жағдайда ілініп қалуға және тұншығуға әкеліп соқтырмас үшін өзіңізден галстук секілді(мойынорағыш, мойын орамал және т.б.) нәрселерді шешіп тастаңыз, қолыңызды қажетсіз заттардан босатып, диафрагманы қорғау үшін қолыңызды шынтақтан бүгіп, тұла бойыңызға қысыңыз, киімнің барлық түймелерін тағып алыңыз;
- топ арасындағы басты мәселе – құлап қалмау. Егер сіз құлап қалған болсаңыз, басыңызды қолыңызбен қорғай отырып, аяғыңызды тез жинап, жерден жұлқына көтерілуге тырысыңыз;
- орын алған оқиға орнына бөтен тұлғаларды жолатпаңыз;
- қауіп төндіретін заттар табылған болса, қауіпті аймақты қоршап алуға шара қолданыңыз және көлік пен адамдардың өтуіне тосқауыл болыңыз;
- құқық қоргау органдарының келіп жеткен мезетінде болған оқиға мәселесімен құлақтандыра отырып, оқиға болған орынның қолжетімді болуын қамтамасыз ете отырып, әрі қарай нұсқаулықтары бойынша әрекет етіңіз;
4.2 Адамдарды тұтқынға алу кезінде:
- Дереу арада орын алған оқиға жайында құқық қорғау органдарына хабарлаңыз;
- қауіпті аймақтан адамдарды құтқару және эвакуациялау шараларын қолға алуға, зардап шеккендерге көмек көрсетіп, оларды емдеу мекемелеріне бағыттауға көмектесеңіз;
- өз еркіңізбен лаңкестермен келіссөздерге түспеңіз;
- құқық қорғау органдарының, құтқару қызметінің, медициналық көмек көліктерінің объектіге еркін кіру (жол) шараларымен қамтамасыз етіңіз;
- құқық қорғау органдары келіп жеткен кезде қызықтырушы ақпаратты алу жолында көмек көрсетіңіз;
- егер адам өміріне және денсаулығына нұқсан келтірумен байланысы болмаған жағдайда ғана қажеті туындап жатса қылмыскерлердің талаптарын орындаңыз, қылмыскерлерге қарсы келмеңіз, айналадағы адамдардың және өзіңіздің өміріңізге қауіп төндірмеңіз;
- шабуылдаушылар қару қолдануға және адам құрбандарына әкеліп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеңіз.
4.3 Егер сіз өзіңіз тұтқында болсаңыз:
- Тұтқынға алынған сәттен бастап өз іс-қимылыңызды бақылау қажет және босатуға ықпал етуі мүмкін барлық нәрсені байқау қажет;
- Өзіңізді аман алып қалу мүмкіндігін арттыру үшін, өз-өзіңізді қолға алып, байсалды ұстауға тырысыңыз;
- Сабыр сақтаңыз және өз-өзіңізді байсалды ұстаңыз,лаңкестерге қарсы сөйлемеңіз және санаспаңыз, барлық іс-әрекетіңіз үшін лаңкестерден рұқсат сұрағаныңыз жөн;
- Өзіңіздің және айналадағы адамдардың өмірін қауіпке тікпеңіз, қылмыскерлердің талаптарын орындаңыз, есірікке және дүрбелеңге жол бермеуге тырысыңыз;
- шабуылдаушының қаруды қолдануға әкеліп соғуы мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеңіз;
- егер сіз жарақат алған болсаңыз айналадағыларыңыздан көмек сұраңыз немесе өзіңіз таңу арқылы қанды тоқтатуға тырысыңыз;
жаныңызда көмекке мұқтаж адам болса көмек көрсетіңіз;
- атыс болған жағдайда бірден жерге жатып, жан-жағыңызға қарап шығыңыз, бойыңызды көтермей жақын арада орналасқан жасырынуға ықтимал орынды таңдап, жорғалап жетуге тырысыңыз. Шығыңқы жерлер, ғимараттар, ескерткіштер, бетон бағаналар, бордюрлер, жыралар және т. б. жасырынуға ықтимал орындар;
- балаларды құтқаруға іс-әрекет жасаңыз, қажет болған жағдайда өз денеңізбен жабыңыз;
- сонымен қатар қылмыскерлердің мінез-құлқын бақылаңыз, бір-бірімен сөйлескен әңгемелерін мұқият тыңдаңыз, бөліп берген рөлдерін есте сақтауға тырысыңыз;
- тұтқынға алынғандардың ұстау орны және қылмыскерлердің орналасқан жері орнатылған жағдайда, арнайы қызметтің қызметкерлері үй-жайда жүргізілетін әңгімелелерді тыңдау үшін қолдағы бар техникалық құралдарды қолдануға тырысады. Арнайы қызмет қызметкерлерімен қағып алынуы мүмкін екендігін естен шығармауға тырысып, штурм дайындауға көмегі тиетін ақпаратты қылмыскерлермен немесе тұтқындағылармен сөйлесу кезінде хабарлауға тырысыңыз . Әсіресе жарқын және көзге көрінетін белгілері бойынша тұтқындалғандарды қылмыскерлерден ажырататын мәліметтер, қарақшылардың қару-жарақтары туралы мәліметтер, олардың саны туралы мәліметтер, үй-жайдың ішінде орналасуы туралы мәліметтер, олардың моральдық жай-күйі мен ниеттері туралы мәліметтер маңызды болып келеді.
4.4 Арнайы қызметпен тұтқынға алынған адамдарды босату бойынша операцияны өткізу кезінде келесі талаптарды мүлтіксіз сақтаңыз:
- Терезе мен есік ойықтарының бойымен емес, еденге бетпен қарап, терезе мен есіктен алшақ жатыңыз, басыңызды қолмен жауып, қозғалмаңыз;
- қылмыскерлер шабуыл кезінде тұтқынға алынған адамдардың арасына тығылуға жиі ұмтылады, сондықтан шабуыл кезінде қылмыскерлердің қару-жарағын қолыңызға алмаңыз;
- ешбір жағдайда арнайы қызметтің қызметкерлеріне қарай немесе кері жүгірмеңіз, өйткені Сізді қылмыскер қатарынан деп қабылдауы мүмкін;
- мүмкіндік болса лаңкестерден, сонымен қатар есік және терезе ойықтарынан алшақ жүруге тырысыңыз;
- егер қылмыскерлер тұтқындалған адамды өзімен бірге алып шығарса, полиция қызметкерлері барлығы үшін қолдарын бастарына көтеруге бұйрық береді. Наразылық көрсетуге және күрт қозғалыс жасауға керек емес. Тану рәсімі өтпегенше, сақтық шаралары қажет болып табылады.
4.2.3 Эвакуациялау туралы ақпаратты алған кезде:
- құқық қорғау орган қызметкерлерінен эвакуациялау туралы хабарламаны алғаннан кейін, сабырлық сақтауға тырысу қажет және берілген нұсқауларды айқын, асығыссыз, ұйымдаса орындау қажет;
- егер эвакуациялар туралы хабар оқу орнында (жұмыс орнында) жүрген кезде келіп түссе:
- оқулықтар мен қажет заттарды тез жинап, сөмкеге құжаттарды, ақшаны және құндылықтарды салып, киіну қажет;
- бөгеліп қалған құрдастарына (әріптестеріне) көмектесу қажет;
- мұғаліммен (әкімшіліктің өкілімен) ұйымдаса далаға шығу қажет;
- ғимараттан алшақ ұстану қажет;
- үлкендердің (жауапты тұлғалардың) рұқсатынсыз ешқайда кетпеу, жүгірмеу қажет, әр кезде көз алдында болу, өз сыныбыңызбен (оқу тобымен, қызметкерлерімен) бірге жүру қажет, себебі ұжым мүшесіндегі біреуінің жоқтығы массалық есірікке және үрейге әкеліп соғуы мүмкін;
- жоқ оқушыларды (студенттерді, қызметкерлерді) белгілеу мақсатында, аттарын атап шығу қажет;
- эвакуация туралы хабарды алған кезде ғимаратта болған тұлғалардың тізімінде болған тұлғаның жоқ екендігі туралы хабарлама полиция қызметкерлеріне және мекеме әкімшілігіне дереу арада хабарлануы тиіс;
- одан арғы нұсқауларды күту қажет.
5. Өзге де төтенше жағдайлар туындаған жағдайда:
- объектіде орын алған төтенше жағдай туралы басшыға, өзге де жауапты тұлғаға хабарлаңыз, олардың нұсқауы бойынша немесе дербес түрде «102» телефоны арқылы полицияға немесе «112» телефоны арқылы төтенше жағдайлар бөлімшесіне объектінің атауы және оның мекен-жайын көрсете отырып, хабарласыңыз;
- қажет болған жағдайда эвакуациялау жоспарына сәйкес объектіден адамдарды щығару бойынша шараларды қолға алыңыз.
Оқу орын аумағына лаңкестік әрекетінің қаупі төнген жағдайдағы орта мектептің педагогикалық ұжымының және оқушыларының іс-әрекеттері бойынша ЖАДЫНАМА.
- Жарылғыш құрылғысына ұқсайтын заттың оқу орын аумағында анықталған жағдайында:
- Күдікті заттың табылғандығы туралы хабарды дереу арада мұғалімге (директорге, білім мекемесі әкімшілігінің өзге де қызметкерлеріне) хабарлау қажет;
- Ашпай, түртпей, затты қозғамай, табылған заттың уақытын белгілеу қажет;
- қоңырау туралы хабарды ішкі істер органдарына «102» телефоны арқылы немесе Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне «112» телефоны арқылы жеткізу қажет;
- күдікті зат табылған орынға балалардың, басқа да бөтен тұлғалардың кіру мүмкіндігін болдырмайтын шараларды қолға алып , мүмкіндігінше қауіпсіз қашықтықта (кем дегенде 100м.) алдына қоршау қою қажет;
- келген құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге балаларды және мекеме қызметкерлерін қауіпсіз қашықтыққа сыртқа шығару қажет;
- күдікті заттың табылған жеріне оқиғаны тергеп-тексеру үшін келген қызметкерлердің автокөлікпен оңай кіруіне мүмкіндікті қамтамасыз етіңіз.
Мына жағдайларда қатаң тыйым салынады:
- жарылғыш затқа жанасуға;
- затқа қандай да бір механикалық тұрғыдан әсер көрсетуге;
- жоғарыда көрсетілген затқа жақындауға.
- Оқу мекемесінетелефон арқылы келіп түскен террористік акт қаупі жағдайында:
– болған оқиға туралы жақын маңда тұрған ересек адамға (оқытушыға, директорге, полиция қызметкеріне) дереу хабарлау қажет;
– сөйлесу барысында қоңырау шалған тұлғаның жынысын, жасын, сөйлеу ерекшеліктерін анықтауға тырысу, әңгіме жүргізіліп жатқан орынның дыбыстық фонына көңіл бөлу қажет;
– қоңырау туралы хабарды ішкі істер органдарына «102» телефоны арқылы немесе Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне «112» телефоны арқылы жеткізу қажет;
– одан әрі келіп жеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің нұсқауы бойынша әрекет ету қажет;
- Оқу орынаумағында лаңкестік акт жасалған жағдайда:
– болған оқиға туралы хабарды ішкі істер органдарына «102» телефоны арқылы немесе Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне «112» телефоны арқылы жеткізу қажет;
– ІІО және ТЖ қызметкерлерімен бірге оқу мекемесінің балаларын және қызметкерлерін қауіпсіз қашықтыққа, яғни сыртқа шығару қажет;
– жедел-тергеу тобының келгеніне дейін куәгерлердің қатысуын қамтамасыз ету қажет;
– балаларға сабырлық сақтау қажет, үй-жайдан шығу үшін педагогтың қатаң нұсқауларына сәйкес әрекет ету қажет;
– келіп жеткен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің одан арғы нұсқаулары бойынша әрекет ету қажет;
- Оқу орнына шабуыл жасалған жағдайда:
– мекеме қызметкерлерін құлақтандыру қажет;
– болған оқиға туралы хабарды ішкі істер органдарына «102» телефоны арқылы немесе Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне «112» телефоны арқылы жеткізу;
– мекемедегі қызметкерлерді және балаларды қауіпсіз жерге жабу бойынша шараларды қолға алу қажет;
– келіп жеткен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің одан арғы нұсқаулары бойынша әрекет ету қажет;