Басшысы
Әбілдин Мұхтар Әбдешұлы

СДБ жарақтандыру үшін мынадай жабдықтар түрі бар: 

  • 4 компьютерлік томограф; 
  • 2 стационарлық рентген аппарат ( сандық); 
  • стационарлық рентген аппараты; 
  • 8 рентген-операциялық аппарат ( ЭОП); 
  • 3 жылжымалы палаталық рентген аппараты; 
  • 2 ангиографиялық аппарат. 

Компьютерлік томографтар 

Рентген сәулелерінің көмегімен жүргізілетін және қысқа уақыт аралығында жоғары рұқсатпен бейнені алуға мүмкіндік беретін зерттеу болып табылады. 

 KT көмегімен зерттеуге болатын органдардың спектрі: 

  • Кеуде қүысы; 
  • Құрсақ қуысы; 
  • Жамбас; 
  • Қан тамырлары; 
  • Виллизиев шеңбері және ұйқы күретамыры; 
  • Торакальді-абдоминальді аорта; 
  • Сүйек буындық жүйесі.

Бұл әдіс бастапқы диагностика және ауру анықтау үшін тамаша көмек, сонымен қатар, KT біз диагнозды растау үшін де пайдаланамыз. 

 

Сандық рентгендік аппараттар. 

Біздің клиникада қазіргі заманғы сандық ақпараттық технологияларды пайдалану сәулелік диагностика қызметінің жұмыс сапасын арттырады. Неғұрлым жоғары сапалы сандық суретпен заманауи зерттеу әдісін іске асыруға мүмкіндік береді. 

Цифрлық жұмыс процесі есебінен өнімділікті жақсартуға мүмкіндік береді және үздіксіз жұмыс тәртібімен қамтамасыз етеді. 

С-доғалы рентген аппараттар ЭОТ-пен. 

Біздің операциялық кабинеттердегі маңызды құрылғылардың бірі болып клиникалық қолдану тізімі кең С-доғалы рентгенохирургиялық жүйелер болып табылады. 

Аппараттардың басты мақсаты – енгізілетін емдік процедуралардың сапалы және шынайы визуализациясыС-доғалы рентген аппаратының мобильді құрылғысы операция кезінде анатомиялық органдар мен операциялық алаңды жоғары деңгейде зерттеуге мүмкіндік береді.