ҚҰРМЕТТІ ПАЦИЕНТТЕР МЕН КЕЛУШІЛЕР!
ШЖҚ КМК «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасында» пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі жұмыс істейді. Клиникада көрсетілген медициналық көмек сапасына байланысты барлық сұрақтар бойынша ПҚІБҚ кабинетіне (2-қабат) жүгінуіңізді сұраймыз.
Байланыс телефондары: 87087413130, 87212772735
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің құрамы:
- Кобжанова Гулжанат Сайфиддиновна – медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары, жоғары біліктілік санатындағы дәрігер
- Локк Елена Николаевна – Қызмет басшысы, жоғары біліктілік санатындағы дәрігер
- Лес Алтынай Нұрғалиқызы – Қызметтің сарапшы-дәрігері
Пациенттердің өтініштерін қабылдау ережелері
Құрметті пациенттер! Ауруханамыз қызметкерлерінің көрсететін медициналық қызметтер сапасына қатысты өтініштеріңіз ауызша және жазбаша түрде қабылданады.
Өтінішті жазбаша түрде рәсімдеу кезінде:
- Тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын, тұрғылықты мекенжайыңызды, байланыс телефондарыңызды, күні мен жеке қолыңызды көрсету қажет;
- Сұрақты, мәселені, ұсынысты нақты баяндаңыз.
- Өтініштер канцелярия арқылы ресми түрде немесе шағымдар мен ұсыныстар жәшігі арқылы қабылданады.
- Өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде қаралады және шешімнің нәтижелері туралы хабарланады.
- Анонимді өтініштер қарастырылмайды.
Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштері 8-(7212) 77-27-35 сенім телефондары арқылы (ішкі телефондар – 10-85, 139) шағымдар мен ұсыныстар журналына тіркеле отырып қабылданады. Ауызша өтініштерге өтініш берушінің қалауы бойынша ауызша немесе жазбаша түрде жауап берілуі мүмкін.