Тоқсамбаева Динара Еркенқызы
Меңгеруші, жоғары біліктілік санатындағы дәрігер, Қарағанды облысының штаттан тыс бас офтальмологы.
Тоқсамбаева Динара Еркенқызы
Меңгеруші, жоғары біліктілік санатындағы дәрігер, Қарағанды облысының штаттан тыс бас офтальмологы.
Бөлімшеде жоспарлы және шұғыл түрде мамандандырылған офтальмологиялық көмек көрсетіледі.
Бөлімшеде офтальмологиялық көмек хирургиялық және консервативті сипатта көрсетіледі.
Бөлімшеде неғұрлым дәл және қысқа мерзімде диагноз қою үшін диагностикалық іс-шаралардың барлық көлемін өткізуге мүмкіндік беретін заманауи диагностикалық құрал-жабдық бар.
Операциялардың мынадай түрлері орындалады:
Келесі аурулары бар емделушілерге мынадай консервативті ем көрсетіледі:
Сондай-ақ, глаукома, көздің дистрофиялық аурулары кезінде тамыр және дәруменмен емдеу курстары өткізіледі.
Балаларға арналған 5 төсек-орнының бар екендігін ескере отырып, балаларға офтальмологиялық көмек көрсетіледі.
Көз микрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары біліктілік санатындағы дәрігер, Қарағанды облысы бойынша штаттан тыс бас офтальмолог.
Микрохирургиялық операциялардың барлық түрлерін орындайды: катарактаны факоэмульсификациялау, катарактаны тоннельдік экстракциялау, антиглаукомалық операциялар (циклодиализ, синустрабекулэктомия, негіздік иридэктомия, көздің ағын артқы трепанациялау), энуклеация, эвисцерация, реконструкциялық операциялар, көз ішіндегі бөгде денелерді жою. Үнемі халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, шеберлік-сыныптарына қатысады.