Кенжебаев Саят Қапанұлы
Меңгеруші, жоғары біліктілік санатындағы дәрігер.

Бөлімше шұғыл нейрохирургиялық патологиясы бар науқастарды тәулік бойы қабылдайды. 

Қарағанды облысы емдеу мекемелерінде нейрохирургтердің көшпелі бригадасымен ОЖЖ жарақатын алған науқастарға тәулік бойы көмек көрсетіледі. 

Хирургиялық көмектің көрсетілетін спектрі: 

  1. Бас-миының жарақаты;
  2. Геморрагиялық және ишемиялық инсульт; 
  3. Омыртқа-жұлынның асқынған және шұғыл жарақаттары; 
  4. жұлынды жіті қысымды клиникасы және кауда синдромы бар омыртқаның дегенеративті аурулары; 
  5. перифериялық жүйкенің жарақаттары; 
  6. бас миының және бас сүйегінің қабыну аурулары: эмпиемалар, остеомиелиттер, қарыншалардың қабынуы және т.б.; 
  7. жұлынның және омыртқаның қабыну аурулары: эпидуриттер, дисциттер және спондилиттер; 
  8. бөгелген ми шемені.

БСМЖ, геморрагиялық және ишемиялық инсульт кезіндегі хирургиялық емнің әдістемелері: 

  1. БСМЖ кезінде бас сүйегін резекциялау және сүйек-пластикалық трепанациялау; 
  2. БІҚ датчиктерін орнату, бас миының қарыншалық жүйесін дренаждау; 
  3. Инсульттық гематомалар кезіндегі миникраниоэктомия; 
  4. Декомпрессивтік гемикраниоэктомия; 
  5. Созылмалы гематомаларды сырттай дренаждау;

Омыртқаның сырқаттары және зақымданулары кезінде бөлімшеде қолданылатын хирургиялық емнің әдістемелері: 

  1. Транспедикуллярлық остеосинтез (соның ішінде азинвазивті); 
  2. Омыртқаның кеуде бөлімін ілмекті жүйені қолдана отырып, тұрақтандыру; 
  3. Мойын деңгейінде пластиналарды қолдана отырып, омыртқаның кез келген бөлімінде вентральды араласу, кеуде және бел деңгейінде вентральды жүйелерді пайдалану; 
  4. Peek-материалдан және көмірлі карбоннан жасалған импланттарды, торлы титан кейдждерді қолдану; 
  5. Жоғарғы мойын омыртқаларын артқы бекіту әдістемесі; 
  6. Сүйек цементімен пункциялық вертебропластика; 
  7. Күрделі буындарды радиожиілікті аблация.