Профессор Х.Ж.Махажанов атындағы ауруханасының 50 жылдық табысты тәжірибесіне сүйене отырып, бүгінгі күні клиника жоғары деңгейде медициналық көмек көрсету үшін барлық бөлімдер спектріне ие. Клиниканың құрылымы пациентті емдеуде толық сабақтастықты қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылған: диагностика кезеңінен бастап, неврологиялық, хирургиялық, травматологиялық және терапиялық емдеуден өткізіп, оңалтуға дейін. Яғни, пациентке басқа мекемелерден қосымша көмек іздеудің қажеті жоқ. Клиника құрылымында 145 нейро-неврологиялық төсек, 153 ортопедо-травматологиялық төсек, 209 хирургиялық профильдегі төсек, 105 жалпы профильдегі төсек және 71 күндізгі стационар төсегі бар.

Бүкіл облыстан келген пациенттерді қабылдау консультативтік-диагностикалық бөлімшеде жүргізіледі. Клиника базасында ҚМУ КеАҚ-тің шамамен 10 клиникалық кафедрасы жұмыс істейді. Клиникада әлемдік медицинада бар ең заманауи технологиялар қолданылады: диагностиканың инновациялық әдістері, нейрохирургиялық, травматологиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық патологияларды қоса алғанда, барлық минималды инвазивті хирургиялық араласулар жүргізіледі, бұл клиниканың республикадағы қызметін айқын етеді.