Бөлім меңгерушісі: Кокушева Арай Алтаевна

Медициналық оңалту бөлімшесі «Травматология», «Ортопедия», «Нейрохирургия», «Неврология» бейіндері бойынша тәулік бойғы стационар жағдайында жедел және ерте қалпына келу кезеңінде оңалту әлеуеті бар пациенттерге медициналық оңалтудың II кезеңін жүзеге асырады. Пациенттер I кезеңдік ем қабылдағаннан кейін бейіндік бөлімшелерден ауыстырылады.

Медициналық оңалту негізгі ауруды емдеу кезінде, сондай-ақ жедел жағдайлардан, хирургиялық араласулар мен жарақаттардан кейін, созылмалы аурулар немесе жағдайлар кезінде өмір сүру белсенділігі шектелген, функциялары мен құрылымдары бұзылған пациенттерге оңалту әлеуетін ескере отырып жүргізіледі.

Пациенттерді медициналық оңалтуға жатқызу медициналық көрсетілімдер болған жағдайда жоспарлы түрде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 «Медициналық оңалтуды көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген).

Емдеу курсының ұзақтығы мен медициналық оңалтудың II кезеңінің жиілігі реабилитолог дәрігердің немесе МӘТ/ШРМ мультидисциплинарлық тобының қорытындысына, ХҚЖ (МКФ) критерийлеріне және пациент жағдайының ауырлық дәрежесіне сәйкес анықталады.

Медициналық оңалтудың негізгі міндеттері:

  1. Функционалдық қабілетті қалпына келтіру
  2. Ауырсынуды басқару
  3. Операциядан кейінгі асқынулардың алдын алу
  4. Қозғалыс белсенділігін жақсарту
  5. Психоәлеуметтік қолдау көрсету
  6. Пациенттер мен олардың отбасыларын оқыту
  7. Мультидисциплинарлық тәсіл қолдану

Емдеудің негізгі әдістері:

  1. Кинезотерапия
  2. Механотерапия
  3. Физиотерапия
  4. Эрготерапия
  5. Массаж
  6. Психоәлеуметтік көмек
  7. Медикаментоздық қолдау
  8. Логопедиялық түзету