Бөлім меңгерушісі — АХМАДИНА БАХЫТЖАН КАЙСАРОВНА

ҚКжОМБ міндеті: емдеудің жеке бағдарламалар таңдау; жүргізілетін емдеу іс-шараларын тиімділігін тұрақты бақылау; клиникада өткізілетін операциялардың (ірі және ұсақ буындарды эндопротездеу, артроскопиялық операциялар, ұзын түтікті сүйектерді БИОС және МОС) функционалдық нәтижелерін жақсарту. 

Медициналық оңалтуды көрсету кезеңдері: 

  1. І оңалту. Бірінші кезең (ерте) 
  1. ІІ оңалту. Екінші кезең (ұзартылған) 
  1. Үшінші кезең (кешіктірілген). Жалғасатын оңалту. Қайталанатын оңалту.

Электротерапия, лазеротерапия, парафинмен емдеу, жылумен емдеу, механотерапия, прессотерапия, массаж, ингаляторий, емдік дене шынықтыру залы кабинеттері жұмыс істейді. 

Ерте жандандыру, операциядан кейінгі күтімнің жоғары деңгейі, (Германия және Ұлыбритания өндіретін) АРТРОМОТ, магнитер, екпінді-толқындық терапия және т.б. жаңа аппаратураларды қолдана отырып, механикалықөңдеудің, физиоемнің және ЕДШ-дың қазіргі заманғы әдістерін қолдану өзіне-өзі қызмет көрсетуге, ортопедиялық режимнің және әлеуметтік оңалту дағдыларын үйренуге, стационарлық науқастарды оңалтудың бастапқы кезеңдерінде-ақ өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. 

Бөлімшеде оңалту жөніндегі тәжірибелі, білікті мамандар жұмыс атқарады. Бөлімше дәрігерлерімен ғылыми басылымдарда және конференция жинақтарда мақалалар үнемі жарияланып отырады; Травматолог және ортопедтер облыстық қоғамының отырыстарына және ғылыми конференцияларына қатысады.