Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы

Профессор Х.Ж.Макажанов атындағы аурухананың 50 жылдық табысты жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, бүгінгі күні ең жоғары деңгейде көмек көрсету үшін барлық бөлімшелер кешенімен жабдықталған. Клиниканың құрылымы пациентті емдеудің толық сабақтастығын қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылған: диагностика кезеңінен бастап, неврологиялық, хирургиялық, травматологиялық және терапиялық емдеуден өткізіп, оңалтуға дейін. Яғни, пациентке басқа мекемелерден қосымша көмек іздеудің қажеті жоқ. Клиника құрылымында 145 нейро-неврологиялық төсек, 153 ортопедо-травматологиялық төсек, 209 хирургиялық бейіндегі төсек және 105 жалпы бейіндегі төсек, сондай-ақ 71 күндізгі стационар төсегі бар.

Бүкіл облыстан келетін пациенттерді қабылдау консультативтік-диагностикалық бөлімшеде жүргізіледі. Клиника базасында ҚМУ КеАҚ-тің шамамен 10 клиникалық кафедрасы жұмыс істейді. Клиникада әлемдік медицинада бар ең заманауи технологиялар қолданылады: инновациялық диагностика әдістері, нейрохирургиялық, травматологиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық патологияларды қоса алғанда, барлық спектрдегі минималды инвазивті хирургиялық араласулар орындалады, бұл клиниканың республикадағы қызметін айқын көрінетін етеді.