Меңгеруші, жоғары біліктілік санатындағы травматолог-ортопед дәрігер.
Филатов Владимир Иванович 

Бөлімшеде күйікпен,  үсумен, термиялық зақымдануы салдарымен, терінің жарақаттан кейінгі кең кемшіліктері бар шұғыл және жоспарлы негіздегі науқастарға көмек тәулік бойы көрсетіледі. 

Ауқымды күйік жаралары бар науқастарды емдеуге арналған «Клинитрон» аэротерапия қондырғысы және екі «SAT» сұйықтандырушы қондырғыларымен орнатылған палата бар. 

Жылына күйік және үсу бойынша жедел науқастардың 180-ге жуығына, күйіктен кейінгі, жарақаттан кейінгі тыртықты зақымдануларды жою арқылы аяқ-қол функцияларын қалпына келтіру бойынша жоспарлы науқастардың 120-на операция жасалады. 

Отандық және шетелдік өндірістің әр түрлі құралдары мен аспаптарын қолданумен аутодермопластика (өз терісін отырғызу) жүзеге асырылады.