Өзге тұлғалар 

ЕГЕР СІЗ ТҰРАҚТЫ ТАБЫСЫ ЖОҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН САҚТАНДЫРЫЛАТЫН ЖЕҢІЛДІГІ БАР САНАТТАРҒА (Нұсқаулықты қараңыз) КІРМЕЙТІН ЖЕКЕ ТҰЛҒА БОЛСАҢЫЗ 

ҚАШАН ТӨЛЕЙМІЗ? 

2020 жылдан бастап, ай сайын 

КІМ ҮШІН? 

Өзіңіз үшін 

ҚАНША? 

1 ЕТЖ-ның 5% мөлшерінде 

НЕНІ БІЛУІМ КЕРЕК? 

1) Белгілі бір себептермен жұмыссыз ретінде тіркелуді және мемлекет тарапынан сақтандырылуды жоспарламаған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар үшін МӘМС жарнасын міндеттеме деп емес, сақтандыру пакеті шеңберіндегі медициналық қызметтерді болмашы ақы төлеп алуға берілген мүмкіндік деуге болады. 

Қалай болғанда да пациенттің таңдау құқығы шектелмейді. Ол: Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) пакетімен шектелсе де, қалтасынан қаржы шығарып жеке меншік клиникада емделем десе де, тиісті жарнаны төлеп, өткен 12 айдың қарызын өтеу арқылы МӘМС жүйесіне кірем десе де өзі шешеді. 

2) Міндетті сақтандыру пакетін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалана аласыз. 

3) Сіз емхана мен салалық мамандарды өз еркіңізбен таңдай аласыз. Емхананы қалай таңдайды? (Нұсқаулықты қараңыз) 

НЕ ІСТЕУІМ ҚАЖЕТ? 

1 қадам

МӘМС жарналарын банктің немесе «Қазпошта» АҚ кез-келген бөлімшесі арқылы аудару. 

Жарнаны ай сайын немесе әр ай үшін аванс түрінде төлем хабарламасы/тапсырмасы/ арқылы төлеуге болады. 

Төлем коды: 122 

МАҢЫЗДЫ: 

Алушының аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетіңіз 

2 қадам: 

Қаржының қайтқан-қайтпағанын 2-3 жұмыс күні ішінде тексеріңіз 

Егер ақша кері қайтарылған болса, деректерді қайта тексеріңіз. 

Жиі кездесетін қателер 

  • Алушыныңаты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетілмеген 
  • Жарнамөлшері қате есептелді 

3 қадам: 

Өзіңіздің сақтандырылғандар тізімінде бар-жоғыңызды тексеріңіз: 

– Сіз МӘМС жүйесіне жасалған төлемдерді e-gov.kz порталы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тексере аласыз. 

ҚАРЫЗ ЖӘНЕ АЙЫППҰЛДАР: 

Міндетті сақтандыру жарнасына қатысты қарыздарды өтеуге болады. Бірақ кешіктірілген әр күн үшін (қорға жарна төлейтін күнді қоса алғанда) қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы төленеді. 

МАҢЫЗДЫ

Төленетін қарыз мөлшері 12 айлық мерзімнен аспайды. 

МӘМС ПАКЕТІНЕ КІРЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ 

1) емханалық-амбулаторлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда): 

  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек; 
  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек; 

2) дәрігердің рецептісі бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; 

3) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда): 

  • жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек; бұған жоғары технологиялы медициналық қызметтер де кіреді; 
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бар-жоғына қарамастан; 

4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган бекіткен тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда). 

НЕ ӨЗГЕРМЕЙДІ? 

Мемлекет тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді: 

1) жедел медициналық жәрдем және санитарлық авиация; 

2) әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, сондай-ақ, Қазақстан республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін емханалық-амбулаторлық көмек. Оған мыналар кіреді: 

  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек; 
  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық дәрігердің жолдамасы бойынша көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмек; 

3) стационарлық көмек: 

  • әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек – жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша; 
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың бар-жоқтығына қарамастан; 

4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттар кезінде стационарды алмастыратын көмек; 

5) профилактикалық екпелер. 

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) 

Салықтық режим Тіркелу  Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) 
Қанша төлеу керек?  1 АЕК немесе 2525 теңге – республикалық маңызы бар қалалар үшін, 0,5 АЕК немесе 1263 теңге – ауылдық жерлер үшін 

А) ЖТС: 252/126 теңге 

Б) МЗЖ: 758/379теңге 

В) Әлеуметтік төлем: 505/253 теңге 

Г) МӘМС: 1010/505 (1/ 0,5 АЕК-тің 40%) 

есеп беру  есеп берілмейді 
БЖТ алынатын жылдық жиынтық табыс мөлшері  жылына 1 175 АЕК– 2 966 875 теңге 
Талаптар  – жеке тұлғалар;
 жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтындар;
– қызмет көрсету, жеке меншік қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген өнімдерді сату. 
Нормативтік-құқықтық актілер  1. ҚР Салық кодексiнің 774-бап. Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер 

2. МӘМС туралы заң, 14-бап 

Мысал: көлік (біреудің көлігін айдайтын азамат), бір реттік жалдамалы жұмыс істейтіндер (тұрмыстық техника жөндеу, сантехника т.б.), жекелеген қызмет түрлерін көрсететіндер (репетиторлар, бала бағушылар, күтушілер, тапсырыспен киім тоқитындар), әртістер (асабалар, музыканттар т.б.), бағдарламашылар (операциялық жүйелерді, анти-вирустық бағдарламаларды т.б. орнатушылар), омарташылар және бал сататындар, сүт-айран сататындар, жеке шаруашылығында өсірген картопты сатушылар, т.б. жеке тұлғалар. 

Ескерту: Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ, коммериялық объектілердің жергілікті жердегі нүктелері (сауда нысандары, базарлар т.б.) арқылы қызмет көрсететіндер, мүлкін жалға берушілер (тұрғын үйді қоспағанда) БЖТ төлеушілер қатарына жатпайды.