Жеке кәсіпкер 

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 

ЕГЕР СІЗ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР, ЖЕКЕ МЕНШІК НОТАРИУС, АДВОКАТ, КӘСІБИ МЕДИАТОР БОЛСАҢЫЗ 

ҚАШАН ТӨЛЕЙМІЗ? 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – Жеке кәсіпкер ретінде өзі үшін 

Жұмыс беруші ретінде – 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап – қарамағындағы жұмыскерлер үшін 

МАҢЫЗДЫ: Жеңілдетілген тәртіп бойынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер 2017 жылдың 6 айының жарнасын 2018 жылдың 25 ақпанына дейін төлеуі тиіс 

КІМ ҮШІН? 

Өзі үшін және қарамағындағы қызметкерлер үшін. Жеке кәсіпкер ретінде – өзі үшін, жұмыскерлері үшін – жұмыс беруші ретінде 

ҚАНША? 

2018-2019 жылдары – ӨЗІ ҮШІН төлемейді, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 1,4 ең төменгі жалақының (ЕТЖ) – 5% көлемінде 

ЖҰМЫСКЕРЛЕР ҮШІН ЖАСАЛАТЫН АУДАРЫМДАР 

(Нұсқаулықты қараңыз). 

НЕ ІСТЕУІМ ҚАЖЕТ? 

1 қадам. 

МӘМС төлемдерін банктің немесе «Қазпошта» АҚ кез-келген бөлімшесі арқылы аудару. 

Жарнаны ай сайын немесе әр ай үшін аванс түрінде төлем хабарламасы/тапсырмасы/ арқылы төлеуге болады. 

Жұмыс берушілерге арналған төлем коды: 121 

Жеке кәсіпкерлерге арналған төлем коды: 122 

МАҢЫЗДЫ: 

Алушының аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетіңіз 

2 қадам: 

Қаржының қайтқан-қайтпағанын 2-3 жұмыс күні ішінде тексеріңіз 

Егер ақша кері қайтарылмаса, Сіздің жұмыскерлеріңіз сақтандырылғандар тізіміне енгізілді деген сөз. 

Егер ақша кері қайтарылған болса, деректерді қайта тексеріңіз. 

Жиі кездесетін қателер 

  • Алушыныңаты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсетілмеген 
  • Мөлшерлемеқате есептелді және жарна есептеу объектісі 15 ЕТЖ асып кеткен 

3 қадам: 

Есептілікті дайындау және салық әкімшілігіне тапсыру 

4 қадам: 

Жұмыскерлеріңізге сақтандыру төлемдерінің аударылғаны туралы хабарлаңыз 

АЙЫППҰЛДАР: 

Міндетті сақтандыру жарнасына қатысты қарыздарды өтеуге болады. Бірақ кешіктірілген әр күн үшін (қорға жарна төлейтін күнді қоса алғанда) қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы төленеді. 

МАҢЫЗДЫ: 

Төленетін қарыз мөлшері 12 айлық мерзімнен аспайды. 

МӘМС ПАКЕТІНЕ КІРЕТІН ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ 

1) емханалық-амбулаторлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда): 

  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек; 
  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмек; 

2) дәрігердің рецептісі бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; 

3) стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда): 

  • жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек; бұған жоғары технологиялы медициналық қызметтер де кіреді; 
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бар-жоғына қарамастан; 

4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медицина ұйымының жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган бекіткен тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда). 

НЕ ӨЗГЕРМЕЙДІ? 

Мемлекет тегін медициналық көмектің мынадай түрлеріне кепілдік береді: 

1) жедел медициналық жәрдем және санитарлық авиация; 

2) әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға, сондай-ақ, Қазақстан республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңы бойынша МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы жоқ тұлғаларға көрсетілетін емханалық-амбулаторлық көмек. Оған мыналар кіреді: 

  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек; 
  • алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының және салалық дәрігердің жолдамасы бойынша көрсетілетін консультациялық-диагностикалық көмек; 

3) стационарлық көмек: 

  • әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққандарға көрсетілетін жоспарлы стационарлық көмек – жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша; 
  • шұғыл көрсетілімдер бойынша – жолдаманың бар-жоқтығына қарамастан; 

4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе өзге медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, әлеуметтік мәні бар аурулар мен өкілетті орган тарапынан бекітілген тізімдегі айналасына қауіп төндіретін сырқаттар кезінде стационарды алмастыратын көмек; 

5) профилактикалық екпелер. 

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) 

Салықтық режим Тіркелу  Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) 
Қанша төлеу керек?  1 АЕК немесе 2525 теңге – республикалық маңызы бар қалалар үшін, 0,5 АЕК немесе 1263 теңге – ауылдық жерлер үшін 

А) ЖТС: 252/126 теңге 

Б) МЗЖ: 758/379теңге 

В) Әлеуметтік төлем: 505/253 теңге 

Г) МӘМС: 1010/505 (1/ 0,5 АЕК-тің 40%) 

есеп беру  есеп берілмейді 
БЖТ алынатын жылдық жиынтық табыс мөлшері  жылына 1 175 АЕК– 2 966 875 теңге 
Талаптар  – жеке тұлғалар;
 жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтындар;
– қызмет көрсету, жеке меншік қосалқы шаруашылықтың өзі өндірген өнімдерді сату. 
Нормативтік-құқықтық актілер  1. ҚР Салық кодексiнің 774-бап. Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер 

2. МӘМС туралы заң, 14-бап 

Мысал: көлік (біреудің көлігін айдайтын азамат), бір реттік жалдамалы жұмыс істейтіндер (тұрмыстық техника жөндеу, сантехника т.б.), жекелеген қызмет түрлерін көрсететіндер (репетиторлар, бала бағушылар, күтушілер, тапсырыспен киім тоқитындар), әртістер (асабалар, музыканттар т.б.), бағдарламашылар (операциялық жүйелерді, анти-вирустық бағдарламаларды т.б. орнатушылар), омарташылар және бал сататындар, сүт-айран сататындар, жеке шаруашылығында өсірген картопты сатушылар, т.б. жеке тұлғалар. 

Ескерту: Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ, коммериялық объектілердің жергілікті жердегі нүктелері (сауда нысандары, базарлар т.б.) арқылы қызмет көрсететіндер, мүлкін жалға берушілер (тұрғын үйді қоспағанда) БЖТ төлеушілер қатарына жатпайды.