Бөлім меңгерушісі — ДЖАМАЛЕДДИНОВ ВИДАДИ СОХРАБ ОГЛЫ

Бөлім меңгерушісі — АСАНОВ ДАУЛЕТ АСАНОВИЧ

Клиникада тәулік бойы жұмыс істейтін екі травмпункт қызмет көрсетеді. Олар Мұқанов көшесі 5/3 және Сәкен Сейфуллин көшесі 13 мекенжайларында орналасқан. Ересек тұрғындарға медициналық көмек демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы 24/7 режимінде көрсетіледі.

Дәрігер-травматологтар әртүрлі жарақаттар кезінде шұғыл және жедел медициналық көмек көрсетеді: соғылу, буын шығу, созылу, сыну, жарақаттар, күйіктер, жануар тістеуі және басқа да зақымданулар. Травмпунктте алғашқы қарау, диагностика, жараларды өңдеу, гипс және бекіткіш таңғыштар салу, буындарды орнына салу, сондай-ақ қажетті ем тағайындау мен әрі қарайғы ұсыныстар жүргізіледі.

Жануар тістеген жағдайда антирабиялық көмек көрсетіліп, медициналық көрсетілім бойынша ересек пациенттерге сіреспеге қарсы иммундау жүргізіледі.

Жарақаттарды жедел анықтау мақсатында травмпункттерде цифрлық рентген аппараты жұмыс істейді. Бұл сүйек пен буын зақымдануларын жылдам анықтап, емдеу тактикасын уақытылы белгілеуге мүмкіндік береді.

Травмпункттер көпсалалы стационар базасында орналасқандықтан, қажет болған жағдайда пациенттер бейінді мамандардың кеңесіне жедел жіберіліп, ауруханаға жатқызылып немесе шұғыл операция жасалуы мүмкін.

Қайталама бақылау және әрі қарайғы емдеу пациенттердің тіркелген емханасында немесе Мақажанов атындағы клиникалық-диагностикалық орталықта жүргізіледі. Травмпунктте уақытша еңбекке жарамсыздық парағы ашылмайды — қараудан кейін пациентке диагнозы көрсетілген медициналық анықтама беріліп, еңбекке жарамсыздық парағын тұрғылықты жері бойынша емханада рәсімдей алады.